БҚО-да ақбөкендер төлдеп жатыр
Фото: facebook.com/s.dildakhmet
Жаңалықтармен бөлісіңіз
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталғандығын хабарлап, жаңа туған лақтардың суретін жариялады.
«Қазақстанда ақбөкендердің төлдеу мезгілі басталды. Табиғаттың тамаша мезгілі мамыр айының соңына дейін жалғасады. Біздің Батыс Қазақстан облысы аймақтық инспекциясының қызметкері Арман Ізімғалиев ақбөкендердің фельдшері сияқты тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Әріптестеріме сәттілік тілеймін!», – деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Желі қолданушылары лақтардың сүйкімділігіне тамсанып, қуаныштары мен сүйіспеншіліктерін білдіріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41