БҰҰ Бас хатшысы 2023 жылды тарихтағы ең ыстық жыл деп атады
elements.envato.com
Бұл туралы Антониу Гутерриш Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясына (СОР28) қатысушылардың 28-конференциясында айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бейсенбі күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Дубайда өткен Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негіздемелік конвенциясына (СОР28) қатысушылардың 28-конференциясында 2023 жылды адамзат тарихындағы ең ыстық жыл деп атады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2023 жылғы жаһандық климатқа қатысты жағдай айқын. Жағдайдың жылдам өзгеріп жатқаны соншалық, жыл соңы аяқталмай жатып осы жылдың тарихтағы ең ыстық жыл болғанын нақты айта аламыз», - деді БҰҰ басшысы СОР28 делегаттарына жасаған видеоүндеуінде.
Ол биыл әлем жұртшылығы өрт, су тасқыны және аптап ыстықтан жапа шеккенін айта келе, ғаламдық жылынудың рекордтық жылдамдығы әлем көшбасшыларын әрекет етуге итермелеуі керек екенін айтты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41