|
13.12.2020 | 14:08
993

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Күндіз 13 желтоқсанда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады

Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 9 аумағында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күндіз 13 желтоқсанда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан,  облыстарында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында да ауа райы тұманды болады. 13-15 желтоқсанда Қарағанды облысының кей жерін тұман басады.

13 желтоқсанда Түркістан облысының кей жерінде тұман болады. Шығыстан жел соғады, кей жерде желдің күші 15-20 м/с дейін жетпек.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз 13 желтоқсанда кей жерде солтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир