|
15.02.2024 | 14:29
1696

Алматыда қолайсыз ауа райы: коммуналдық қызметтер көктайғаққа дайындалуда

Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылады

Алматыда қолайсыз ауа райы: коммуналдық қызметтер көктайғаққа дайындалуда Алматы әкімдігі / пресс-служба Управления развития коммунальной инфраструктуры Алматы

 «Қазгидромет» РМК дерегі бойынша, 16 ақпанда таңертеңнен бстап 17 ақпанның түніне дейін Алматы қаласында жауын-шашын болады, жауын-шашынның арты қалың қарға ұласып, ауа температурасы кешке қарай минус 20 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

17 ақпанға қараған түні минус 22 градусқа дейін, күндіз 17 ақпанда минус 14-ке дейін суытады. Ал 16 ақпанда таңертең тұман, жолда көктайғақ болады деп болжам жасалады.

Түнгі кезеңде көктайғақтың алдын алу мақсатында дислокация орындарында 176 құм таратқыштың кезекшілігі жоспарланған. Қар тазалау жұмыстарына барлығы 483 бірлік арнайы техника мен 1180 жол жұмысшысы жұмылдырылады.

Болжамды көктайғаққа, жолдардың жүріс бөлігін қардың басуына, тротуарлардағы көктайғаққа байланысты автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетуге, автокөлік арасындағы қашықтықты сақтауға, қатарларды бұзбауға  және кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға кеңес береміз.

16 ақпанда қарды тазалау және 17 ақпанда түнгі кезеңде қарды жаппай сыртқа шығару бойынша арнайы техника колонналарының жүруіне байланысты автокөлікті жол жиектеріне қоймауды сұраймыз.

Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы

Оқи отырыңыз: Қазақстанға -38 градустық аяз келеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир