Павлодарда өтелмеген айыппұл рекордын орнатқан жүргізуші ұсталды

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Өңірде "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда айыппұл төлемей жалтарып жүрген 29 жастағы жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жігіт шамамен 11 млн теңге көлемінде айыппұл төлемеген. Оны академик Сәтбаев көшесіндегі патрульдік полиция батальонының қызметкері тоқтатқан.

 - Рейд жүргізу кезінде Павлодарда БМВ 745 автокөлігі тоқтатылды. Базаны тексеру кезінде жүргізушінің төленбеген айыппұлдары бар екені анықталды. Бұл жүргізушіні сот орындаушылары да іздеп жүр. Полицейлер жүргізушіге салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу туралы түсіндірді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция 4-14 желтоқсан аралығында "Жазаның бұлтартпастығы" қағидатын орындау мақсатында Павлодар облысының аумағында "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатқанын атап өтті.

Көрсетілген кезеңде төленбеген айыппұлдар бойынша 254 борышкерге түсіндіру жұмысы жүргізілді, әрқайсы жауапкершілік туралы ескертілді.

Олар қазірдің өзінде 6 млн теңгеден астам қарызын төледі. "Қорғау" мен "Кибер шерифтің" бейнетіркеу жүйелерімен 149 сәйкестік тіркелді, автокөліктер арнайы айыппұл тұрақтарына қойылды, сол жерден жүргізушілер айыппұлын өтегеннен кейін көлігін ала алады.

Оқи отырыңыз: Алматыда ақылы автотұрақ қызметі жетілдіріледі

Новости партнеров