Төтенше жағдайлар департаменті күшейтілген жүйеге көшті
Ұлытау облысындағы өзендердің негізгісі саналатын Сарысудың арнасы толды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оның бойында орналасқан Жыланды ауылын іргеге келген судан қорғау үшін Жезді кентінде жұмыс атқарып жатқан бірқатар арнайы техника көмекке шұғыл түрде жеткізілді.
Атап айтқанда, Төтенше жағдайлар департаментінің 2 техника, 8 адам, 1 күшейтілген сорғы, 2 кіші сорғы құрылғысы, Қазақмыс корпорациясы ЖШС-нің 2 экскаваторы, 2 тиегіші, 4 Шансиман маркалы камазы ауыл халқына көмектесуде.
Оқи отырыңыз: Қарғын су: республикалық маңызы бар бірнеше жолда шектеу қойылды