Павлодар облысындағы ахуал бақылауда

30.03.2024 20:26

Су тасқынына қарсы жқмыстарға 200 адам, 84 бірлік арнайы техника, 20 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылды

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті

30 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша облыс көлемінде Павлодар, Ақтоғай, Железин, Успен, Ертіс, Аққулы және Тереңкөл аудандарында су тасқынына қарсы 10 учаске бақылауда тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылында, Успен ауданының Успен және Вознесенка ауылдарында, Аққулы ауданының Қазы ауылында 15 тұрғын үй су астында қалды.

Облыс бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу үшін 200 адам, 84 бірлік арнайы техника, 20 мотопомпа, 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

109 желісі бойынша тұрғындардың шақыртуларына жергілікті атқарушы органдардан 57 бірлік сорып шығару техникасы, 103 мотопомпа және 341 адам жұмылдырылды.

Су тасқынына қарсы барлық іс-шаралар мен еріген суды сорып шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

2024 жылғы 30 наурыз сағат 9.00-ден бастап 29 811 м3 еріген су шығарылды, 160 тонна инертті материал төгілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жедел штабты облыс әкімі басқаруда және ол қазіргі уақытта Ақтоғой ауданында.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысы: қызылордалық құтқарушылар көмекке келді