Жаңбыр, тұман, жел: 12 маусымға арналған ауа райы болжамы

12.06.2019 14:30

фото Алексея Сычева

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының бірқатар аймақтарында жел тұрады.

Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Шығыс-Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында бұршақ  жаууы мүмкін.

Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарыда жел тұрып, тұман түседі.

Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрады.

Батыс-Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облысының басым бөлігінде күн ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде күннің қатты ысу салдарынан өрт шығуы мүмкін.