|
25.01.2020 | 15:27
4544

Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды

Петропавлда қар жауып, боран соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді

Ауа райына байланысты бес өңірде ескерту жарияланды leaks.gunm.ru

Еліміздің бес өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында 25 қаңтардың кешінен 26 қаңтарға дейін қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр болатын жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавлда қар жауып, боран соғады, желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында алдағы тәулікте қар жауып, боран соғады, тұман түседі және желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді, көктайғақ болады. 26 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болады, кей жерлерде боран соғады, көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 25 метр соғады. Синоптиктер Оралда боран соғып, көктайғақ болады деп болжап отыр, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Шығыс Қазақстанда қар қалың жаууы мүмкін. Кей жерлерде боран, жел соғады, жолдарда көктайғақ болады. Ақмола облысында алдағы екі тәулікте қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. 26 қаңтарда жел секундына 15-20 метр, 27 қаңтарда түнде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

туман
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир