Еліміздің басым бөлігінде жоғары қысым әсерінен жауын жауып, жел тұрып, найзағай жарқылдайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, дауыл тұрады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.
Ақтөбе облысының бірнеше өңірлерінде жел екпіні 18 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.
Жамбыл, Кызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының бірқатар аймақтарында бұршақ жауып, дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде күндіз дауыл тұрады.
Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.