Еліміздің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, тұман түсіп, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні күндіз 23-28 м/с күшейеді.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше өңірлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 25 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, Павлодар облыстарында 1-6 градус, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 3 градусқа дейін, Ақтөбе облысында 1 градус үсік жүруі мүмкін.
Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде ыстық сақталады, Ақтөбе облысының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі болуы ықтимал.