|
04.06.2023 | 17:14
8270

Қауіпті метеорологиялық құбылыс: еліміздің бірнеше өңіріне арналған ауа райы болжамы

Түркістан облысында жоғары өрт қаупі сақталады

Қауіпті метеорологиялық құбылыс: еліміздің бірнеше өңіріне арналған ауа райы болжамы planetofhotels.com

Синоптиктер Қазақстан аймағында 2023 жылғы 05 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Антициклон сілемінің әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыста, солтүстік-батыста, күндіз оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен қатар жаңбыр жауады, Атырау облысында бұршақ жауады, түнде және таңертең елдің оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі сақталады.

Ақмола облысының батысында, Солтүстік-Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық күтіледі.

Ақмола, Жетісу, Алматы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Батыс Түркістан облыстарында қатты ыстық күтілуде.

Қызылорда, Жетісу, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай облыстарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 5-11 маусым аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир