Қатты жел тұрады: 31 мамырға арналған ауа райы болжамы

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады. Ал  республиканың оңтүстік-шығысында және батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, түнде жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Қостанай, Түркістан, Ақмола облыстарыда жел екпіні 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының Жаланашкөл ауадынында жел екпіні  15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.


Новости партнеров