|
04.07.2019 | 09:07
4681

Жаңбыр, тұман, найзағай: 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Алматы облысының бірқатар аймағында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с күшейеді

Жаңбыр, тұман, найзағай: 4 шілдеге арналған ауа райы болжамы wallbg.com

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел екпіні күшейеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанда облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігіне тұман түседі.

Алматы облысының бірқатар аймағында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с күшейеді. 

Қызылорла облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с жетеді. 

Павлодар облысының басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.        

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир