Синоптиктер 16 мамырға арналған ауа райы болжаным ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағандының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с соғады.
Қостанай, Қарағанда, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының бірнеше өңірлерінде түнде және таңертең тұман түседі.