Аптап ыстық: демалыс күндері ауа райы қандай болады

08.03.2024 14:42

Кей аймақта жаңбыр жауады

Фото: Victor Glutsenko

Демалыс күндері еліміздің көп бөлігінде фронтальды бөлімдердің әсерінен жаңбыр жауып, найзағай соғады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал республиканың батыс және оңтүстік аймақтарына Еуропа аудандарынан антициклон жотасының біртіндеп енуіне байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Еліміздің батысында күндіз ауа температурасының +41°С, оңтүстік-батыста +40+45°С жоғарылайды, қалған аумақтарда күрт өзгеріс күтілмейді.

Дереккөз: kazhydromet.kz

Оқи отырыңыз: Абай облысында орман өртенді