|
14.06.2019 | 16:10
5729

Елімізде ауа райына байланысты 6 облысқа ескерту жарияланды

Сильный ветер ожидается в Алматинской, Жамбылской, Костанайской, Туркестанской, Восточно-Казахстанской, Кызылординской областях

Елімізде ауа райына байланысты 6 облысқа ескерту жарияланды фото из открытых источников

Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

15 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

15 маусымда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Осы күні Өскемен қаласында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында да найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші - 15-20 м/с.

15 маусым күндіз Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады.

14 маусымда күннің екінші жартысында, 15 маусымда кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жауады.

15 маусым таңертең және күндіз Шымкент қаласында найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін.

Түркістан қаласында күндіз найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Жер қарқыны - 15-20 м/с.

15 маусым күні Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан қатты жел соғады.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир