Алматыда қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

пресс-служба Управления жилищной политики
пресс-служба Управления жилищной политики
Көктайғаққа қарсы 2050 тонна материал пайдаланылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

27 желтоқсан күні таңғы сағат 02.00-ден бастап Алматы қаласының төменгі аудандарынан қар жауа бастады. Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 10 см-ге дейін, қалада 5 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасына сілтеме жасап.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі. 2050 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қар тазалануда.

Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

526 арнайы техника бірлігі, 174 құмшашқыш және 1340 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктерде қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша кешке және түнде көктайғақ болуы мүмкін.

Новости партнеров