Жел, бұршақ, найзағай: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы

23.05.2019 21:21

yandex.kz

Еліміздің бірқатар аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні күндіз 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдап, дауыл тұруы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының бірнеше өңірлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысынын облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Түркістан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе облыстарынын бірқатар аймақтарында  жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел екпіні 15-18 м/с күшейеді.

Түнде Қарағанда облысының кей жерлерінде  - 1 градус, Шығыс Қазақстан облысында - 3 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.