|
25.01.2019 | 21:24
3716

Алдағы демалыс күндері Алматыда күн райы қандай болады – «Қазгидромет»

Алдағы демалыс күндері Алматыда күн райы қандай болады – «Қазгидромет»

Келер аптада Алматыда жылынады. Бұдан кейін аяз болмауы мүмкін бе? Ал алдағы демалыс күндері мегаполис тұрғындары мен қонақтарын қандай күн райы күтіп тұр? Ол туралы «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы филиалының инженер-синоптигі Бибігүл БЕКМҰРЗАЕВА жауап бермек.

– Бибігүл ханым, алдағы сенбі, жексенбі күндері оңтүстік астанада қандай ауа райы күтілуде?

– Алматы қаласында алдағы демалыс күндері ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Және температура түнде 1-6 градусқа дейін суытады, күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады. Және Алматы қаласының таулы аймақтарында ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және демалуға да ыңғайлы болады.

– Жылы ауа райы келер аптаның соңына дейін сақтала ма? Қар қашан жауады?

– Алдағы аптаның басында 29 қаңтарға дейін ашық, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура түнде 2-7 градусқа дейін суытады, ал күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады. Ал 30-ы күні күндіз және де 31-і күні тәулік бойы қардың жаууы мүмкін. Сонымен қатар, тұман, көктайғақ болады.

– Жауабыңызға рахмет!


Тоғжан Жалғасбекқызы, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир