|
28.06.2019 | 09:09
13499

Еліміздің 6 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Казгидромет объявил штормовое предупреждение 28 июня в Костанайской, Кызылординской, Туркестанской, Восточно-Казахстанской, Атырауской, Западно-Казахстанской областях

Еліміздің 6 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды ru.tazael.kz

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Қызылорда облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік және солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тәулік бойы найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Шымкент, Түркістан қалаларында күндіз оңтүстік-батыстан солтүстік-батыс бағытына ауысатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан cоққан жел солтүстік-шығыс бағытына ауысып кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, шығыстан жел соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир