|
20.02.2019 | 16:41
3854

Бүгін Алматыда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

Синоптиктердің болжауынша, Алматы қаласында бір жарым тәулік бойы қар жауады

Бүгін Алматыда қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін

Алматыда бір жарым тәулік бойы қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

«Алматыда 20-ақпан күн кешкі уақыттан бастап бір жарым тәулік бойы жер қатқақтанып, қар жауып, салдарынан көктайғақ болуы мүмкін деген болжам жасалып отыр. Көктайғақты ескерту мақсатында кешкі уақыттан бастап 160 құм шашқыш көлік орналасу орындарындарында кезекшілік жасайды деп жоспарланып отыр. Ал жалпы алғанда қар тазалау жұмыстарына 860 арнайы техника мен 2800 жұмысшы жұмылдырылады», - деді әкімдік өкілдері.

Соның салдарынан көктайғақ, жолдың жүріс бөлігінде сырғанақ пайда болып, тротуарлар көк мұзға айналуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілер мен жаяу адамдардан қауіпсіздік шараларын ұстануды сұрайды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир