Ертең еліміздің бірқатар аймақтарында бұршақ жауып, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.
Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Ал жел екпіні 23-28 м/с тұрады.
Ақтөбе облысының бірқатар аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады.
Қостанай облысында түнде және таңертен кей жерлерінде тұман түсіп, түнде қатты жел тұрады.
Шығыс Қазақстан облысының бірнеше өңірінде күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Алматыда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ал, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.
Маңғыстау облысында дауыл, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.