Алматыда сайлау кезінде қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады, деп хабарлайды Жолаушылар тасымалы кәсіпорындары қауымдастығы.
«Бұл күні шамамен 700 мыңға жуық жолаушы қоғамдық көлікті пайдаланады. Ашық есік күндері акциясын тасымалдаушылар әлеуметтік қолдау ретінде ұйымдастырып отыр. Бұл сайлаушылардың белсенділігін, құқықтық мәдениетін арттырмақ», - делінген хабарламада.
Айта кету керек, биыл тасымалдаушылар 430 жаңа автобус сатып алды. Жыл басынан бері қала жолдарына 156 жаңа автобус шықты. Бұл көліктер №65, №31, №60, №81, №14 маршруттарға шықты.
Ашық есік күндері акциясына №1, 2, 3, 4, 5, 5а, 5б, 7, 8, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 34, 36, 37, 38, 40, 41, 44, 45 46, 47, 48, 50, 51, 52, 54, 56, 57, 59, 60, 62, 63, 65, 66, 67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 77, 78, 79, 80,81, 85, 86, 88, 92, 95, 98, 99, 102, 103, 104, 106, 107, 108, 111, 112, 113, 115, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 127, 128, 129, 131, 135, 137, 141, 201, 202, 203, 104а, 109а, 131а, 29р, 204, 205, 206, 207, 208, 209, 210, 1-троллейбус, 5-троллейбус, 7- троллейбус, 9-троллейбус, 11-троллейбус, 12- троллейбус, 19-троллейбус, 25-троллейбус қатысады.