Елімізде демалыс күндері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

иллюстративное фото
иллюстративное фото
Солтүстікте - қар, оңтүстікте - жауын-шашын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Еліміздің оңтүстігіне көктем келсе, солтүстігінде керісінше қыс келеді. Мұнда ауа температурасы – 10 градусқа дейін төмендеп, қар жауады.

«Бұл ауа райы Карск теңізіне Баренц арқылы бірінен кейін бірі жылжитын белсенді циклонмен байланысты. Ал осы циклонның жүйесіне енетін арктикалық фронттар Қазақстанның солтүстігіндегі ауа райына ықпалын тигізетін болады.  Республиканың оңтүстік облыстары бұрынғыдай оңтүстік фронтальдық бөліктердің және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады», - делінген хабарламада.

Сондықтан, демалыс күндері кей жерлерде найзағай жарқылдап, нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Бірақ мұнда күн жылы, күндіз ауа температурасы +15...22°С дейін жылы болады.

Новости партнеров