Жаңбыр, тұман, жел: 21 маусымға арналған ауа райы болжамы

фото из открытых источников
фото из открытых источников
Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, жел тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, дауыл тұрады.

Алматы облысының басым бөлігінде бұршақ жауады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде тұман түседі.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарының бірқатар аймақтарында жел екпіні 15-21 м/с жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қарағанда облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық болады.    

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Новости партнеров