Апшыны қуырған аптап ыстық: қалай сақтанған жөн

elements.envato.com
elements.envato.com

Эндокринолог дәрігер Мадина Туашева тақырыпқа қатысты кеңес берді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Апшыны қуырған аптап ыстық адамдарды әбігерге салып жүр. «Жаз деген осылай болу керек» дейтіндер болғанмен, бойында түрлі дерті бар азаматтар үшін қиын. Тіпті, күннен күйік алып дәрігерге жүгініп жатқандар көп екен.  «Алматы» телеарнасының студия қонағы эндокринолог дәрігер Мадина Туашева тақырыпқа қатысты кеңесіне құлақ түрсек.

– Аптап ыстықтың да адамға тигізер зияны қандай?

– Ауа райының күрт ысып кетуі кезінде қантамыр, жүрек, эндокрендік аурулармен тіркеуде тұрған науқастар үшін өте қауіпті болып келеді. Сол себептен тіркеуде тұрған науқастар ең алдымен дәрігер тағайындаған дәрілерін уақытылы ішіп тұрғандары дұрыс. Күн өту белгілеріне тоқталатын болсақ ол ең алдымен бастың айналуы, жүрек айнуы, адамның жүріс-тұрысының өзгеруі, жұмысқа деген белсенділіктің төмендеуі, жүрек соғысынң тежелуі және адам көз қарашығының ұлғаюы жатады. Дененің қызуы 42-45 градусқа дейін көтеріледі. Егер сізде осындай белгілер көрініп жатса ең алдымен дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс.

– Күннен күйік алған адамдардың да көбейіп жатқанын естіп жатырмыз. Аптап ыстықта ауырып қалмау үшін күннен қалай қорғану керек?

– Мен дәрігер ретінде таңертен тұрған уақытта салқын душ қабылдауды кеңес етемін. Күннің ыстығында мұздатылған су ішуге мүлдем болмайды. Себебі мұздаттылған су жүрекке және асқазанға тікелей әсер етеді. Газдалған алкоголды сусындары мүлдем тұтынуға болмайды, ол адамның бүйрек қызметіне кері әсер етеді. Тағамдарға тоқталатын болсақ майлы, қуырылған тағамдарды жеуге болмайды. Тек майсыз еттен, балықтан жасалған сорпалар, көкөніс жеміс-жидектер жеген абзал. Күннің осындай ыстығында денеге тырысып тұратын және синтетикалық матадан жасалған киімдерді кимеген дұрыс. Себебі синтетикалық матадан жасалған киім адам денесіне термостық әсер етеді де дененің одан әрі қызу процесін жоғарлатады.

 

Синоптиктердің 24 шілдеге арналған ауа райы болжамын, еске салайық

 

Новости партнеров