|
26.01.2020 | 17:19
4328

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

27 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды media.inform.kz

Бірнеше облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

27 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, кей жерлерде секундына 23-28 метр, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Қостанай қаласында түнде және күндіз 27 қантарда бұрқасын, батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі. 27 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Петропавл қаласында 27 қаңтарда қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады.  27 қантарда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қар, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 25 метр жетеді. Өскемен қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр жетеді. Семей қаласында 27 қантарда күндіз бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 27 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын сақталады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші басым бөлігінде секундына 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23 метр сақталады. 27 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде кей жерлерде көктайғақ. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр күтіледі. Ақтау қаласында 27 қаңтарда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

туман снег
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир