Алматы және үш облысқа дауылды ескерту жарияланды

Алматы және үш облысқа дауылды ескерту жарияланды
Нөсер жаңбыр жаууына байланысты, өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 6-7 маусым күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК сілтеме жасап.

«Алматы қаласының іргелес аумақтарында нөсер жаңбыр жаууына байланысты, өзендердің су деңгейі көтерілуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 6 маусымда Қазақстанның үш облысына дауылды ескерту жарияланды.

Жамбыл облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жаңбыр жаууы мүмкін, жел екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірлерінде нөсер жаңбыр жауып, қатты жел тұрады.

Оралда күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен - бастысқа қарай соққан жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Семейде күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Қостанай облысының бірқатар аймақтарында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанайда дауыл тұрып, солтүстіктен – батысқа қарай соққан жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.


Новости партнеров