|
01.04.2019 | 17:24
4553

Қазақстанда күн қайта суытады

Бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында күн суытады

Қазақстанда күн қайта суытады иллюстративное фото

Елімізде сәуір айында күн суытады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сәуір айында еліміздің солтүстік бөлігіндегі климаттық норма шегінде, ал оңтүстік бөлігінде нормадан 1°С жоғары күтіледі.

«Сәуір айының бірінші және екінші онкүндігінде Скандинавия аймағынан солтүстік-батыс және Ресейдің Еуропалық аумағының оңтүстігінен батыс ағындарының келуі жиілейді. Соның салдарынан 2 рет ауа райы күрт суытады», - делінген хабарламада.

Бірінші онкүндіктің ортасында және екінші онкүндіктің бірінші жартысында күн суытады. Еліміздің солтүстік және солтүстік-батысында түнде 3...8 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 11 градус аяз, күндіз 0...5 градус, кей жерлерде 8 градус жылы болуы күтіледі, еліміздің оңтүстік жартысында түнде 0...5 градус жылы, кей жерлерде 0 градус, күндіз 10...15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градус жылы болуы ықтимал, батыста бірінші және екінші онкүндіктің басында суытады, түнде 0...5 градус аяз болады, күндіз 5...10 градусқа дейін жылы болуы мүмкін.

Еліміздің орталығы және шығысында бірінші онкүндіктің соңында және екінші онкүндіктің ортасында суық ағын келіп жетеді. Ауа температурасы түнде минус 3...8 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 11 градус суық, күндіз 5...10 градус шамасында жылы болады.

Күн күрт суытқаннан кейін қайтадан жылиды. Жеке күндері бірінші және үшінші онкүндіктің басында ауа температурасы солтүстікте, орталықта және шығыста 8...13 градусқа дейін көтерілетін болады, кей жерлерде 18 градус жылы, еліміздің оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінде 20...25 градусқа дейін, кей жерлерде 15 градус жылы, үшінші онкүндіктің басында кей жерлерде 30 градусқа дейін ыстық болады.

Сәуірде республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық, республикамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде және орталықтың кей жерлерінде нормадан аз, еліміздің шығысында және оңтүстік-шығысында кей жерлерде нормадан жоғары түседі деп болжанады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир