Дауыл тұрады: 4 мамырға арналған ауа райы болжамы

NUR.KZ
NUR.KZ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде ауа райына байланысты бірқатар өңірлерінде ескерту жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.


4 мамыр күні таңертең және күндіз Қостанай қаласы мен облысында оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде оның екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ал Қызылорда облысының бірқатар аудандарында шаңды дауыл соғып, шығыстан, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады. Жел екпіні түнде 15-20 м/с тұрса, күндіз 25 м/с дейін күшейеді. 

Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Түнде кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін ұлғаяды.     

Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан қатты жел соғады. Түнде жел қарқыны 15-20 м/с, күндіз 15-20, 25 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен жел соғады. Жел қарқыны 18 м/с дейін жетеді.  



Новости партнеров