Алматыдан 2 720 текше метр қар сыртқа шығарылды

Алматыдан 2 720 текше метр қар сыртқа шығарылды
Қала жолдарында көктайғаққа қарсы 2120 тонна материал себілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында7 ақпан күні сағат 02.00-ден бастап қар жауа бастады. Қалада 8-10 см, тау бөктері мен таулы аудандарда – 15-20 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көктайғақтың алдын алу мақсатында қар жауған сәттен бастап жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілді. 2120 тонна пайдаланылды.

«Жол төсемінен қарды күреу, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жалпы пайдалану орындарын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Таулы және тау бөктеріндегі жерлерден қар шығару ұйымдастырылған. Сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2720 м3 қар сыртқа шығарылды», - делінген Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының хабарламасында.

Қардан тазарту жұмыстарына 611 бірлік арнайы техника, 205 құмшашқыш және 1665 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау үшін тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылды.

Қазгидрометтің болжамы бойынша қар аралас жауын-шашын үзіліспен жауып тұруы мүмкін және күннің екінші жартысында аяқталады. Ауа температурасы бүгін күндіз 0, +2 градус, тұман, көктайғақ.

Новости партнеров