Референдумға дейін:
18
күн
11
сағат
13
минут

Қазақстанның көп аймағында тұман түсіп, боран болады

stolicaonego.ru
stolicaonego.ru
Солтүстік аймақтарда көк тайғақ болады деп күтілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысында 13 қаңтарда таңертең және күндіз кей жерлерде тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Дауылдың ықтималдығы 85-90 пайыз. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болады, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метр болады.  Синоптиктер 13 қаңтарда Оралда күндіз боран, батыстан жел соғады деп болжап отыр. Екпіні секундына 18 метрге жетеді. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз. Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Қызылорда облысында, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.



Новости партнеров