Алматы қаласында сел жүру қаупі жоқ. Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді. Гидрологтардың сөзінше, таулы жерлерде қазір қардың деңгейі қалыпты. Алайда, сәуір айының екінші жартысынан бастап бұл көрсеткіш көтерілуі ықтимал деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Мамандардың болжамынша, таулы аймақтарда қардың биіктігі 1 мың 500 метрде, ақ ұлпа кезең-кезеңімен ериді.
«Ертең және арғы күні Алматы қаласында және таулы аймақтарда жауын-шашын болады. Артынан ауа температурасы 18-20 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай жағдайда орта таулы аймақтардағы қардың еруінен өзендердегі су мөлшері көтеріледі. Қазір тауларда ауа-райының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тау бөктерлеріне шықпауға кеңес береміз», - дейді «Қазгидромет» КМК Алматы қаласы филиалының инжинері Берік БАЙМАҒАМБЕТОВ.