|
11.04.2024 | 19:07
1513

Алматыда жаңбыр кезінде коммуналдық қызметтің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады

Мамандар автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес берді

Алматыда жаңбыр кезінде коммуналдық қызметтің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады elements.envato.com

«Қазгидромет» РМК болжауынша, Алматы қаласында 12 сәуірде сағат 05.00-ден 08.00 дейін 15 мм жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Су тасқынының алдын алу және болдырмау үшін 433 бірлік арнайы техника, 18 мотопомпа және 830 жұмысшы жұмылдырылады. Арық желілері арқылы судың кедергісіз ағып кетуі үшін 52 жедел мобильді бригада атсалысады.

Ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге ағаштардың құлау және электр желілерінің үзілу қаупіне байланысты автокөлікті жол жиегіне қоймауға кеңес береміз. Су тасқынының алдын алу үшін қала тұрғындарынан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауды сұраймыз. Қандай да бір аумақты су басса, жедел шара қолдану үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 What’s app нөміріне хабарлама жазуға болады.

Оқи отырыңыз: Саяжайдағы дау: Қарағандыда бау-бақшаны су басты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир