|
01.04.2021 | 20:45
4021

Қазақстанда 171 елдімекенді су басу қаупі бар

Ол туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда 171 елдімекенді су басу қаупі бар Almaty.tv

Қазақстанда 171 елдімекенде су басу қаупінің жоғары деңгейі сақталуда. Ол туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аталған аймақтарда 43 мыңнан астам адам тұрады. Бұл -Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары. Сонымен қатар, осы өңірлерде өзендер мен су қоймаларында су қоры нормадан жоғары. 

«Қар еру процесі жалғасуда. Еліміздің  53% аумағын қар басып жатыр: Атырау облысында - 40%, Алматы облысында - 19% құрайды. Жамбыл - 3%. Қызылорда облысындағы Сырдария өзендерінде және Алматы облысындағы Іле өзендерінде сең жүріп өтті. Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде, Атырау облысындағы Жайық өзенінде сең жүріп жатыр, бұл су кептелісіне және жайылмалық учаскелерге судың шығуына әкелуі мүмкін», – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир