Келесі аптада еліміздің солтүстік-батысында үсік жүруі мүмкін. Кей өңірлерде шаңды дауыл тұрып, қатты жаңбыр жауады. Синоптиктер осылай дейді. Ал Алматыда күн райы қалай болады? Бұл туралы Almaty.tv телеарнасында тікелей байланыста «Қазгидрометтің» Алматы қаласы және облысы бойынша филиалының жетекші инженер синоптигі Гүлтаңсық Медеуова айтып береді.
- Алдағы демалыс күндері Алматы қаласының территориясында және Алматы облысында ауа райы тұрақсыз болуы мүмкін. Яғни, таулы аудандарда өткінші жаңбыр жаууы мүмкін және найзағай ойнайды. Таулы аудандардың кей жерлерінде бұршақ жауу ықтыимал және фронтальды аймақтардың өтуіне байланысты алдағы демалыс күндері желдің күші 17-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Ал түнгі уақыттарда ауа температурасы 17-19 градус нөлден жоғары, максималды ауа температурасы күндізгі сағаттарда 29-30 градус болуы мүмкін.
Алдағы апта Алматыда дауыл болатынын мәлімдеген едіңіздер. Шаһарда келесі апта ауа райы қалай болмақ?
- Алдағы аптада ауа райының тұрақсыз болуы күтіледі, атап айтсақ, 26-28 маусым күндері Алматы қаласында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, ал таулы аудандар мен тау бөктеріндегі аудандарында күшті жауын-шашын болады және конвективті құбылыстарға байланысты найзағай жарқылдап, бұршақ жауу ықтималдығы бар. Желдің жылдамдығы найзағай кезінде 15-20 м/с күшейіп, кей уақыттарда дауыл болуы мүмкін. Яғни, желдің жылдамыдығы максималды 23-28 м/с күшейеді. Апта көлемінде 16-20 градусқа дейін, ал күндізгі сағаттарда 28-33 градусқа дейін ауытқиды.