|
14.06.2019 | 21:45
4276

Демалыс күндері Алматы маңайындағы өзендер тасуы мүмкін

Күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 12 метрге дейін көтеріледі

Демалыс күндері Алматы маңайындағы өзендер тасуы мүмкін

Алдағы демалыс күндері Алматы қаласы мен облысында қатты нөсер жауып, өзендер тасуы мүмкін. Синоптиктер осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Табиғаттың тосын мінезі мен күн райының кенеттен құбылуы Алматы тұрғындарын әбден әбігерге салды. Тіпті таңертең күннің көзі шығып тұрса да, адамдар үйден жеңіл-желпі киініп шығуға қорқады десе де болатындай. Осы ретте  «Қазгидрометтің» Алматы қаласы филиалының мамандары не дейді?

«Алдағы күндері Алматы қаласында ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Демалыста Алматы қаласының төңірегінде ауа-райы жауын-шашынды, желдің жылдамдығы секундына 2-7 метрді құрайды. Күн күркіреп, найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 12 метрге дейін көтерілуі мүмкін. Түнде ауа температурасы +15-20 градустан күндіз 25-30 градусқа дейін көтеріледі. Алматы қаласына қарағанда, таулы аймақтарында ауа райының температурасы 2-3 градусқа төмен болуы мүмкін», – дейді «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының инженер-синоптигі Гүлтаңсық МЕДЕУОВА.

Синоптиктер келесі аптада да Алматы қаласындағы ауа-райының тұрақсыз болуы мүмкін деп ескертеді. Әсіресе, 19 маусым күні нөсер құйып, найзағай жарқылдап, желдің екпіні үдеуі мүмкін дейді. Ауа температурасы түнде +14-19 градус, күндіз +25-30 градус аралығында болады деп күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир