Ақмола, СҚО, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады
«ҚазАвтоЖол» бірқатар бағыт бойынша қозғалыс режимі жаңартылғанын хабарлады. Кей өңірдегі жол учаскесінде шектеулер жеңілдетілсе, кейбір жолдарда қозғалысқа әлі де тыйым салынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұлттық компанияның мәліметінше, «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырым учаскесінде (Қостанай облысының шекарасы – Тимирязево ауылы аралығы) бұрын енгізілген барлық көлік түріне қозғалыс шектеуі алынды. Қазіргі уақытта шектеу тек жүк көліктері мен қоғамдық көлік құралдарына ғана енгізілген.
Ал «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.
Қалқаман елдімекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ тркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.
Ауа райы
2025 жылғы 28 қарашада Ақмола, СҚО, ШҚО, Абай және Павлодар облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1-7 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады