Алдағы күндері 40 градусқа дейін ыстық болады - синоптиктер

Ауа температурасы оңтүстік-батыс өңірлерде біртіндеп жоғарылайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, аптап ыстықпен қатар бірқатар өңірде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін.

5-6 шілде күндері еліміздің батысы мен орталығында ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-батыс өңірлерде 40 градусқа дейін ыстық болады.

Солтүстік-батыста сынап бағаны 35 градусқа дейін, ал шығыста 35–37 градусқа дейін жетеді.

«Алдағы күндері Қазақстан аумағында белсенді циклон мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бүкіл кезең бойы республиканың солтүстігінде, 4 шілдеде солтүстік-батыста, 4–5 шілдеде оңтүстік-шығыс пен орталықта, 5–6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр жауады деп болжанады», – «Қазгидромет» РМК жетекші инженер-синоптигі Айгүл Алдабергенова.

Оқи отырыңыз: Таулы өңірлерде ауа райына байланысты сақтық шаралары күшейтілді