Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады

31.10.2025 21:50

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт бұзылады

«Қазгидромет» мамандары дауылды ескерту жариялады. Алдағы күндері елде күн суытады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қазақстанның бірнеше облысында ауа райы күрт бұзылып, тұман түседі, екпінді жел соғады. Кей өңірлерде тіпті қар жауып, үсік жүреді деген болжам бар. Елдің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа температурасы 13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

«Күн райын сақтап тұрған антициклон еліміздің аумағынан шығып, оның орнына солтүстіктен келген циклон басады. Суық ауа массаларымен келген циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам қозғалып, жаңбыр әкеледі. Ал артынша біртіндеп қарға ұласады. 4 қарашадан бастап еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қатты қар, сонымен бірге екпінді жел, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін», - деді инженер-синоптик Афродита Пірімжар.

Оқи отырыңыз: Алматыда ардагерлер құрметіне күзгі бал ұйымдастырылды