Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыста жол жабылды

10.12.2025 14:50

Жолды 10 желтоқсан сағат 22:00-де ашу жоспарланған

Depositphotos

ҚазАвтоЖол Маңғыстау және Жетісу облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

– 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 15:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады:

- «Форт-Шевченко – Таушық – Шетпе» автожолының 91-161 шақырым аралығы (Таушық ауылы – Шетпе ауылы);

- «Ақтау – Құрық» автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы – Құрық ауылы), - делінген хабарламада.

Жолды 2025 жылғы 10 желтоқсан сағат 22:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Жетісу облысында көлік қозғалысы шектелді. 

Бүгін сағат 15:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал – Достық» автожолының 10-164 шақырым аралығындағы учаскесінде (Үшарал қаласы – Достық ст.) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 11 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Оқи отырыңыз: Республика бойынша қай жолдарда шектеу бар