Бүгін кей өңірде қалың қар жауады - ауа райы болжамы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын сақталады. Күндіз солтүстік-батыста қалың қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Тек орталықта және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Ел аумағында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Астанада күн бұлтты, қар жауады, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады. Түнгі температура -15-тен -17°C-қа дейін, ал күндізгі температура -7-ден -9°C-қа дейін болады.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнгі температура 0-ден -2°C-қа дейін, ал күндізгі температура +2-ден +4°C-қа дейін болады.

Шымкентте бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнгі температура 0-ден -2°C-қа дейін, ал күндізгі температура +7-ден +9°C-қа дейін болады.

Ақтауда күн бұлтты, қарлы боран соғады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады. Түнгі температура 0-ден -2°C-қа дейін, ал күндізгі температура 0-ден +2°C-қа дейін болады.

Ақтөбеде  бұлтты, қар жауады, жел жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнгі температура -10-нан -12°C-қа дейін, күндізгі температура -7-ден -9°C-қа дейін болады.

Атырауда қар жауып, жел жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнгі температура -7-ден -9°C-қа дейін, күндізгі температура -5-тен -7°C-қа дейін болады.

Жезқазғанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с болады. Түнгі температура -9-дан -11°C-қа дейін, күндізгі температура -3-тен -5°C-қа дейін болады.

Қарағандыда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-8 м/с болады. Түнгі температура -12-ден -14°C-қа дейін, күндізгі температура -4-тен -6°C-қа дейін болады.

Көкшетауда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-дан 14 м/с-қа дейін, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі және күндізгі температура -8-ден -10°C-қа дейін болады.

Қонаевта бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с болады. Түнде температура 0-ден -2°C-қа дейін, ал күндіз +1-ден +3°C-қа дейін болады.

Қостанайда аспан бұлтты, қар жауады, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде және күндіз температура -3-тен -5°C-қа дейін болады.

Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде температура -3-тен -5°C-қа дейін, ал күндіз +1-ден +3°C-қа дейін болады.

Павлодарда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с болады. Түнде температура -14-тен -16°C-қа дейін, ал күндіз -9-дан -11°C-қа дейін болады.

Петропавлда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түнгі температура -7-ден -9°C-қа дейін, күндізгі температура -5-тен -7°C-қа дейін болады.

Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Түнгі температура -16-дан -18°C-қа дейін, күндізгі температура -9-дан -11°C-қа дейін болады.

Талдықорғанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнгі температура -2-ден -4°C-қа дейін, күндізгі температура 0-ден +2°C-қа дейін болады.

Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнгі температура -1-ден -3°C-қа дейін, күндізгі температура +6-дан +8°C-қа дейін болады.

Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Түнгі температура 0-ден -2°C-қа дейін, күндізгі температура +6-дан +8°C-қа дейін болады.

Оралда ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Түнгі температура -13-тен -15°C-қа дейін, күндізгі температура -8-ден -10°C-қа дейін болады.

Өскеменде ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 1-6 м/с. Түнгі температура -8-ден -10°C-қа дейін, күндізгі температура -5-тен -7°C-қа дейін болады.

Оқи отырыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Новости партнеров