Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел соғады
Синоптиктер 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның көптеген бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болады. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, республиканың батысында қатты қар жауады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, жел соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -23 градустан -25 градусқа дейін, күндіз -12 градустан -14 градусқа дейін болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз +3 градустан +5 градусқа дейін болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1-ден +3°C-қа дейін, күндіз +8-ден +10°C-қа дейін болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, көктайғақ, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-ден -2°C-қа дейін, күндіз +3-тен +5°С-қа дейін болады.
Ақтөбеде бұлтты, қар жауып, жел жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17°С, күндіз -6-8°С болады.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, көктайғақ, жел жылдамдығы 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз 0-ден -2 градусқа дейін болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Түнде ауа температурасы -18-ден -20°C-қа дейін, күндіз -5-тен -7°С-қа дейін болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -21-ден -23°С-қа дейін, күндізгі температура -9-дан -11°С-қа дейін болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°С-қа дейін, күндіз -12-ден -14°С-қа дейін болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз +2 градустан +4 градусқа дейін болады.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°C-қа дейін, күндіз -12-ден -14°C-қа дейін болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде -3 градустан -5 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -23 градустан -25 градусқа дейін, күндіз -16 градустан -18 градусқа дейін болады.
Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°C-қа дейін, күндіз -12-ден -14°С-қа дейін болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -23-25°С, күндіз -10-12°С болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде ауа температурасы -10-12°С, күндіз 0-ден -2°С-қа дейін болады.
Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°С, күндіз +5-тен +7°С-қа дейін ауытқиды.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 8-13 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 0-2°С, күндіз +6-дан +8°С-қа дейін болады.
Оралда бұлтты, қар жауып, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -4-6°С болады.
Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -18-ден -20°С-қа дейін, күндіз -8-ден -10°C-қа дейін аяз болады.
Оқи отырыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады