Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 10 тамыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
«Антициклон сілемінің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек елдің батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман болады», - делінген хабарламада.
Күндіз Түркістан облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38 градус, Алматы облысында, Жетісу облысында 35-38 градус, Жамбыл облысында 39 градус қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, батысында, шығысында, Қызылорданың солтүстік жартысында, батысында, Жамбыл облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Жетісу облыстың орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Түркістан, Маңғыстау облыстарында, батысында, солтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, солтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +34...+36°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C.
Оқи отырыңыз: 10 тамызға арналған валюта бағамы