Кей өңірде жаңбыр жауып, жел соғады
Синоптиктер 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклоны ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды, жауын-шашын көбінесе қар түрінде болады, еліміздің батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын болжанады», - делінген хабарламада.
Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының батысында, солтүстігінде, шығысында, Қостанай облыстарының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 30 м/с және одан да қатты жел соғады.
Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, боран соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -7-ден -9°C-қа дейін, күндіз 0-ден -2°C-қа дейін болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел жылдамдығы 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1-ден +1°C-қа дейін, күндіз +7-ден +9°C-қа дейін болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +2-ден +4°C-қа дейін, күндіз +13-тен +15°C-қа дейін болады.
Ақтауда бұлтты, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз 0-ден -2 градусқа дейін болады.
Ақтөбеде күн бұлтты, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз және түнде ауа температурасы -7-ден -9°С-қа дейін сақталады.
Атырауда бұлтты, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с. Күндіз және түнде ауа температурасы +5-тен +7°С-қа дейін сақталады.
Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, қар жауады, көктайғақ, бұрқасын болады, таңертең және күндіз желдің күші 9-14, екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -6 градустан -8 градусқа дейін, күндіз -1 градустан +1 градусқа дейін жылы болады.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, көктайғақ, тұман, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -5-7°С, күндіз -1°С-тан +1°С-қа дейін жылы болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, бұрқасын, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -6 градустан -8 градусқа дейін, күндіз -1 градустан -3 градусқа дейін болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, таңертең жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, жел жылдамдығы 9-14 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде 0-5°С, күндіз +5-тен +7°С-қа дейін ауытқиды.
Қостанайда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, боран соғады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7 градустан -9 градусқа дейін, күндіз -2 градустан -4 градусқа дейін болады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, қар жауады, бұрқасын, тұман түседі, жел жылдамдығы 9-14, күндіз 15-20 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде -2 градустан -4 градусқа дейін, күндіз +3 градустан +5 градусқа дейін жылы болады.
Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С болады.
Петропавлда түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с жел соғады, күн бұлтты, қар жауады, бұрқасын болады. Ауа температурасы түнде -7 градустан -9 градусқа дейін, күндіз -2 градустан -4 градусқа дейін болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан -3 градусқа дейін, күндіз 0-ден +2 градусқа дейін жылы болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, қар жауады, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1 градустан -3 градусқа дейін, күндіз +2 градустан +4 градусқа дейін жылы болады. Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°С-қа дейін, күндіз +10-дан +12°С-қа дейін болады.
Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +3-тен +5°С-қа дейін, күндіз +10-дан +12°С-қа дейін болады.
Оралда көшпелі бұлт шығады, қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с жетеді. Күндіз және түнде ауа температурасы -7-ден -9°C-қа дейін болады.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде 0-ден -2°С-қа дейін, күндіз 0-ден +2°С-қа дейін болады.
Оқи отырыңыз: 2026 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады