Қолайсыз ауа райы: елімізде қай өңірлерде қозғалыс шектелді

Almaty.tv
Almaty.tv

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

21 қаңтар сағат 21:00-де ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Республикалық маңызы бар автожолдарда дизель отынымен жүретін және қоғамдық көліктердің жүруіне тыйым салынды:

Қостанай облысы:

«Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай» 555-729 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – СҚО шекарасы);

«Мамлютка – Қостанай» автожолының 403-180 шақырым аралығы (Заречный ауылы - СҚО шекарасы);

Ақмола облысы:

«Астана — Көкшетау — Петропавл — РФ шекарасы» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін);

«Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы» автожолының 14-50 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін);

«Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қ. — СҚО шекарасы);

«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығы (Жақсы елді мекені — СҚО шекарасы);

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-552 шақырым аралығы (СҚО шекарасы — Сұрған елді мекені);

Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар барлық бағыттағы автожолдарда жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 22 қаңтар сағат 10:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Оқи отырыңыз:  Шымкентте жолда болған қанды төбелес: төрт күдікті қолға түсті

Новости партнеров