Республика бойынша жел күшейеді
Синоптиктер 24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағаймен жаңбыр, бұршық жауып, дауылды жел тұрады, еліміздің батысында, шығысында қатты жаңбыр жауады. Республикамыздың оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертенгі уақыттарда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі.
Күндіз Батыс Қазақсьан облысында 36 градус, Атырау облысында 35-37 градус, Ақтөбе облысында 35 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болуы мүмкін.
Алматы облысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау облысының шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, Атырау облысының орталығында, Ақтөбе облысының орталығында және шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.
Астанада құбылмалы бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай болады. Жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +27+29°С.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +33+35°С.
Оқи отырыңыз: 24 тамызға арналған валюта бағамы