Кей өңірде қатты жаңбыр жауады: сенбіге арналған ауа райы болжамы

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райына әлі де солтүстік-батыс циклоны әсер ететіндіктен, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Орталықта, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста бұршақ жауып, дауыл соғады. Тек елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Жетісу облысында, Маңғыстау облысының  батысында, Ақтөбе облысының  батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының  батысында, солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының орталығында, Абай облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Атырау облысының  оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Абай облысының  солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі болады.

Астанада – құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +15...+17°C болады.

Алматыда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8, екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C болады.

Шымкентте – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 26 мамыр мен 1 маусым аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров