Көктайғақ, тұман: жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: unsplash.com (Kahar Erbol)
Фото: unsplash.com (Kahar Erbol)

Ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" РМК болжамынша, антициклон сілемі әсерінен ел аумағының көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады.

"Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстікте қар жауады, батыста және солтүстік-батыста көктайғақ болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -7-9°, күндіз -2-4°.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2°, күндіз +7+9°.

Шымкентте көшпелі бұлт жүреді, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°, күндіз +13+15°.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының батысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге, күндіз күші 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 қараша аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров